Жас кәсіпкер сөзінде тұрып, көпбалалы отбасыға бір бөлмелі пәтер сыйлады (фото)

Источник: nur.kz

Жас кәсіпкер сөзінде тұрып, көпбалалы отбасыға бір бөлмелі пәтер сыйлады (фото)

Осыдан біраз уақыт бұрын көпшілікті қайырымдылық жасауға шақырған астаналық кәсіпкер көпбалалы отбасыға бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы кәсіпкер Жандар Садықовтың өзі Instagram парақшасында жарияланды.

Ол Қарабаевтар отбасына пәтердің кілтін табыстаған.

"Менің эстафетамның негізгі мақсаты адамдарды бір-біріне көмек қолын созуға үгіттеу. Алдағы уақытта көмекке зәру отбасыларға өз сыйлықтарыммен баратын боламын.
Менің ісімді атағын шығару үшін немесе хайп үшін деп ойламаңыздар. Мен өз уәдемде тұрдым. Енді сіздер де осы қайырымдылыққа атсалысыңыздар. Суретке бұл отбасының барлық баласы түспеген. Үлкендері мектепте", - дейді Жандар Садықов өз парақшасында.

Айта кетейік, Астанада бір отбасының бес қызы қаза тапқаннан кейін Жандар Садықов желіде эстафета жариялап, көпшілікті қайырымдылық жасауға шақырды.

Места: Астана Персоны:      
comments powered by HyperComments