Тойда өзбек әніне беріле билеген Заттыбек желіні жарды (видео)

Источник: nur.kz

Тойда өзбек әніне беріле билеген Заттыбек желіні жарды (видео)

Шымкенттік әнші Заттыбек Көпбосынұлы соңғы уақытта әлеуметтік желідегі парақшасына жиі сурет салып, тойдағы қызықты сәттерден видео жүктеп жүр. Әншінің соңғы видеосындағы биі оқырмандарға ұнап қалған деп жазады NUR.KZ.

Заттыбек сүндет тойдың қызған сәтін жариялаған.

Сүйікті әншілерінің бұл өзгерісін оқырмандары да жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырды.

"Керемет", "Соңғы уақытта желіге көп көңіл бөліп жүрсіз", "Жақсы билейді екенсіз ғой", "Сізді сахнада билемегенге, икемі жоқ деп ойлаушы едім".

"Нұржан Төлендиевтің отбасындағы той ғой деймін", "Жарайсыз", "Шымкентте сізсіз той өтпейді ғой, шіркін", - деп жарыса жазды көпшілік.

Айта кетейік, осыған дейін Заттыбек Көпбосынұлы өзіне қыз сыйлаған жұбайын көпшілікке көрсеткен болатын.

Сондай-ақ, әншінің құны 30 млн теңге көлеміндегі көлікті тізгіндейтіні анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, шымкенттік әншінің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Места: Шымкент Персоны:      
comments powered by HyperComments