Мәжбүрлі түрде тұрмысқа шыққан қыз көпірде асылып өлмек болды

Источник: nur.kz

Мәжбүрлі түрде тұрмысқа шыққан қыз көпірде асылып өлмек болды

Бішкекте "Шумкар" арнайы жасағының қызметкерлері көпірде асылып өлмек болған 19 жастағы аруды құтқарып қалды. Бұл туралы Kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: stolicaonego.ru

Көрнекі фото: stolicaonego.ru

Анықталғандай, жас келіншек өз күйеуімен болған ұрыстан соң өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Оның тұрмыс құрғанына екі айдың жүзі болған екен. Аруды алып қашып кеткен соң мәжбүрлі түрде күйеуге шыққан көрінеді.

Милицияның хабарлауынша, ару Шыңғыс Айтматов көпіріне келіп, оның сүйенішіне арқан байлаған. Осылайша, бойжеткен оны мойнына іліп, биіктіктен секірмек болыпты.

Осы уақытта аймақты тексеріп жүрген "Шумкар" қызметкерлері қызды құтқарып қалған.

Первомай ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілген жас келіншек күйеуімен тұрғысы келмейтінін, ал ата-анасы оны мәжбүрлейтінін айтқан.

Места: Персоны:      
comments powered by HyperComments