"Ерніме тақағанымда": Ochooou мен Жолдыбаеваның суреті қызу талқыға түсті

Источник: nur.kz

"Ерніме тақағанымда": Ochooou мен Жолдыбаеваның суреті қызу талқыға түсті

Шоу-бизнес әлемінде Ochooou лақап атымен танылған Олжас Абайдың Instagram желісіндегі жазбасы көпшілікті ойландырып қойды. Кәмшат Жолдыбаевамен түскен суреттің астына отандық әнші екі ойлы жазба қалдырған деп хабарлайды NUR.KZ.

"Алғаш ұстап көргенімде сасқалақтап, ауызым кеуіп, жүрегім тарсылдап не айтарымды білмей қатты қобалжығаным есімде. Беліңнен қысып ерніме тақағанымда өзімді нағыз жұлдыз сезіндім!" , - деп жазған Олжас Абай.

Көпшілік шоу-бизнес жұлдыздарын не байланыстырады деп толғанды. Кейбірі Жолдыбаева мен Ochoou-дің арасында сезім бар деп болжады.

Алайда, оқырмандардың айтқаны расталмады. Олжас Абай жазбасының соңына бұл жылы сөздерді микрофонға арнағанын жазған.

Айта кетейік, бұған дейін екі әншінің жаңа жылдық бағдарламаның тікелей эфирі кезінде сүйіскені туралы жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Олжас Абай мен Кәмшат Жолдыбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Места: Персоны:      
comments powered by HyperComments