"Жұмысқа не кием" деп басы қатқан ару үш жыл бойы бір киіммен барған

Источник: nur.kz

"Жұмысқа не кием" деп басы қатқан ару үш жыл бойы бір киіммен барған

Нью-Йорктің Saatchi & Saatchi жарнама агенттігінің арт-директоры Матильда Каль үш жыл бойы жұмысқа ақ жейде мен қара шалбар киген. Бұл туралы bigpicture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

LifeBuzz

Фото:LifeBuzz

Әйел адамдардың барлығын "Ертең жұмысқа не кием?" деген сұрақ мазалайды. Матильда Каль бұл мәселені түбегейлі шешкен. Бойжеткеннің сөзінше, киім таңдауға көп уақыт пен күш жұмсалады екен. Киім таңдау әйелдердің көңілдерін көтермейді, керісінше күйзеліске түсіреді екен.

bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Жұмыс барысындағы кездесулердің бірінде Матильда айналасындағы ер адамдардың киім үшін уайымға салынбайтынын, костюмдері жұмыс униформасы сияқты екенін байқаған.

bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Осылайша Матильда кәсіби көрініп, басқаларға ұқсамай ерекшеленуіне мүмкіндік беретін қарапайым киім таңдап алады. Сөйтіп өзіне 15 бірдей жібек жейде және 6 шалбар сатып алған. Осы классикалық киім үлгісі оның күнделікті жұмыс киіміне айналады.

bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

"Жұмыс кезінде көптеген шығармашылық тапсырмаларды орындауыма тура келеді. Киімім арқылы өзімнің шығармашылық әлеуетімді көрсетудің қажеті жоқ деп ойлаймын", - дейді Матильда.
bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Алғашында Матильданың әріптестері не болып жатқанын түсінбеген. Тіпті Матильданың басшылығы ол өзіне киім сатып алуы үшін оның жалақысын көтеруге ұсыныс жасаған.

bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Жаңа жұмыс киімі Матильдаға уақыт пен күш-қуатын үнемдеуге көмектескен. Шығармашылық салада жұмыс істейтін адамдар күнделікті көп шешім қабылдауға тиіс. Енді оған киім таңдауда шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Соның арқасында бойжеткен жұмысқа кешікпейтін болыпты. Себебі бұрын киім таңдап ұзақ жүріп қалатын болған.

bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Матильда өзінің хикаясын Harper’s Bazaar журналында жариялаған. Алайда әйелдер басым бөлігі оның идеясын құптамаған. Нәзік жандылар "ол өзін униформаның ішіне қамап қойды" деп айтқан екен. Дегенмен бойжеткен осының арқасында басқа киімдерді көбірек бағалап, оны киген кезде өзін ерекше сезіне бастағанын айтты. Демалыс күндері Матильда басқа да сәнді киімдер киеді екен.

bigpicture.ru

Фото:bigpicture.ru

Матильданың әріптестері оның таңдауын сыйлайды. Тіпті, олар бір күнді "Матильда сияқты киін" деген ұранмен өткізіп, кеңсеге бірдей киім киіп келген.

Места: Персоны:      
comments powered by HyperComments