Нұржан Төлендиев ұлының сүндет тойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Источник: nur.kz

Нұржан Төлендиев ұлының сүндет тойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

"Алдараспан" театрының басшысы Нұржан Төлендиев ұлы Марғұланды сүндетке отырғызып, дүркіретіп той жасады деп жазады NUR.KZ.

Әртіс сүндет тойға өнердегі әріптестерін түгел шақырған.

Олардың арасында Заттыбек, Нұрлан Еспанов, Кенжебек Жанәбілов, Жанболат пен Жазира, Нұртас Айдарбеков, Еркін Нұржанов бар.

Төлендиевтің қуанышына жиналған қонақтар тойда түсірілген сурет пен видеоны желідегі парақшаларына жарыса жүктеді.

Айта кетейік, "Алдараспан" театрының басшысы бүгінде алты баланың әкесі. Әртістің ең кенжесі Таулан 2016 жылы дүниеге келген.

Ал Төлендиевтің үлкен ұлы Рауан әкесінің ізін қуған.

Естеріңізге сала кетейік, "Тука" есімімен танылған әртістің келіншегі Ақнұрдың да өнерге бір табан жақын екенін айтқан болатынбыз.

Места: Персоны:      
comments powered by HyperComments