Айгүл Иманбаева өзімен құшақтасқан жігіт туралы шындықты айтты (видео)

Источник: nur.kz

Айгүл Иманбаева өзімен құшақтасқан жігіт туралы шындықты айтты (видео)

Айгүл Иманбаева желіде қызу талқыға түскен суреттегі белгісіз жігіттің кім екенін айтты. Танымал әнші көптен бері жасырған құпиясын "Таңғы хабар" бағдарламасында ашқан деп жазады NUR.KZ.

"Бұл Әли Жарасұлы жай актер ғана емес. Бұл жігіт, менің жігітім" , - деді Айгүл Иманбаева.

Бағдарлама жүргізушілері шоу-бизнес жұлдызының мұндай мәлімдемесіне дайын болмай шығып, айтарға сөз таппай қалды.

Жас жігіттің өз сүйіктісі екенін айтып, көпшілікті таңғалдырған әнші артынан шындықтың бетін ашты. Анықталғандай, желіде қызу талқыға түскен фотодағы ер адам отандық актрисаның әріптесі екен. Нақтырақ айтқанда, жас жігіт спектакль аясында Айгүл Иманбаеваның күйеуінің рөлін сомдайды.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаеваның белгісіз жігітпен түскен суреті желіде қызу талқыға түскені туралы жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Иманбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан жүктей аласыздар.

Места: Персоны:      
comments powered by HyperComments