Желіде Ерке Есмаханнан айнымайтын арудың ұзатылу сәтінен видео тарады

Источник: nur.kz

Желіде Ерке Есмаханнан айнымайтын арудың ұзатылу сәтінен видео тарады

Желіде Ерке Есмаханға айнымайтын арудың ұзатылған видеосы пайда болды. Оқырмандар бойжеткенді әншімен шатастырып алған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Сыңсудан соң көзіне жас ала, өз жұртымен қоштасқан қызды көпшілік Ерке Есмахан деп ойлағандарын жасыра алмады.

"Мен Ерке екен деп ойладым", "Расымен, Ерке Есмаханға қатты ұқсайды екен", "Бақытты болсын".

"Еркені енді даладан ұзатпайтын шығар", "Ерке емес пе?" деп жарыса жазды оқырмандар.

Тіпті арасында әншінің желідегі парақшасын белгілеп, әншінің өзіне түрлі сауал қойғандар да табылды.

Айта кетейік, видео еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

Места: Персоны:      
comments powered by HyperComments